Памятные даты и дни рождения
Праздничный концерт "Наурыз - шаттық мерекем"
Категория: Памятные даты и дни рождения | |
Дата: 22.03.2021 | |
Просмотры: 230 | Печать страницы |

Ұлыстың ұлы күні "Мерей" тобының тәрбиешілері Хадиша Төленқызы мен Ақбота Қайратбекқызының ұйымдастыруымен "Наурыз - шаттық мерекем" мерекелік концерті өтті. Балалар Ұйқы ашар мен Селт еткізер салтынан көрініс сахналап, Күн мен Түннің теңелуін сюжеттік бимен көрсетті. Өнерпаздар "Қара жорға" биін, Наурыз туралы әндер, домбыра оркестрі "Балбырауын", "Кеңес", "Би" күйлерін орындады. "Қош келдің, Әз - Наурыз!" онкүндігі аясында ұйымдастырылған бата беру сайысы, мәнерлеп оқу, көркем жазу, сурет байқауларының жеңімпаздары марапатталып, тәрбиеші - аналар арасындағы "Ең дәмді Наурыз көже" байқауының қорытындысы шығарылды.