Памятные даты и дни рождения
"Отбасы бар әдемі-Айналайын" әлемі" праздник к 25 -летию детского дома и "День у
Категория: Памятные даты и дни рождения | |
Дата: 01.10.2021 | |
Просмотры: 211 | Печать страницы |

«Отбасы бар әдемі- «Айналайын» әлемі» деген ұранды үндеп, қара шаңыраққа айналған алтын ұямыздың керегесінің мықты, шаңырағының биік, ішінің мейірімге, сыртының шуаққа толы болуына бар қаржы-қайраты мен күш-жігерін, адал махаббатын төккен алтын жүректі жандардың еңбегінің арқасында үйіміз қала, облыс, республика көлемінде биік жетістіктерге жеткен киелі шаңырақтың 25 жыл мерейтойы мен Ұстаздар мерекесі өтті. Мерекеге «Айналайын» үйінің ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшесінің төрағасы , І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық факультет деканы Толамисов Амангелді Габдылкаримович, гуманитарлық факультет деканының орынбасары Тілегенова Гұлнұр Алмухамбетқызы, аға оқытушы Рысдәулетова Ботагөз Тынысбековна, Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің тілшісі Амина Ғалымовна, балалар үйінің түлектері құрметті қонағы болды.
Мереке балалар үйінің құрылу тарихы туралы көріністен басталып, бишілер тобының орындауында «Аспаптар» , «Күзгі жаңбыр», «Шолпы» билері, Веснина Ирина мен Федорович Ульянаның орындауында «День рождения», Шерубаев Санат пен Хасенова Айымның орындауында «Мен бақытты баламын!», Құсайнова Қарақат пен Қарагөз, Иванова Ангелинаның орындауында «Балдырғандар», Ниязбаев Дидар, Қали Асқар, Хасен Нұрсұлтанның орындауында «Ақ көгершін», Қали Жансая мен Құсайнова Айтжанның орындауында «Айналайын өз үйім», «Айналайын» хорының орындауында «Родина моя» әндері шырқалып, домбырашылар ансамбілінің орындауында «Би» күйі орындалды.Барлық топтар, түлектер Ұстаз-аналарын құттықтап, «Айналайын әнұраны» шырқалды.
Әкелік қамқорлығы, балаларға деген сүйіспеншілігі мен мейірімділігі үшін Қамқоршылық кеңес төрайымы Толамисов Амагелді Габдылкаримович «Қамқоршы әке-2021» атағына ие болды