Памятные даты и дни рождения
Праздничное мероприятие "Тәуелсіздік туы, желбіре!»
Категория: Памятные даты и дни рождения | |
Дата: 16.12.2021 | |
Просмотры: 197 | Печать страницы |

Тәуелсізідік -ең басты құндылығымыз. 30 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстан әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке, ата-бабамыз ансаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
«Айналайын» шаңырағында «Мерей» тобының тәрбиешісі Баядилова Хадиша Туленқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы, желбіре!» атты мерекелік кешке «Өлке тынысы», «Огни Алатау» газеттерінің тілшілері, балалар үйінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері қатысты. Мерекелік кеште «Айналайын» вокал тобының орындауында «Қазақтай Ел қайда?», «Желтоқсан ерлері» әндері, Беланосова Снежананың орындауында «Егемен Қазақстан» әні шырқалып, «Айналайын» бишілерінің орындауында «Батырлар», «Ұлы дала» билері орындалды.Үйіміздің түлегі Жетісу университетінің І курс білімгері Мерқалиев Сағыныштың орындауында «Қазақстан», «Көк тудың желбірегені» әндерімен мерекелік кеш аяқталды