Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 2

Публикации

Мамандық - өмір таңдауы" тәрбие сағаты

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 127
"Арай" тобының тәрбиешісі - Шолпан Райсқызы Жубаева мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен "Мамандық - өмір таңдауы" тәрбие сағатын өткізді. Балалар мамандық әлемі туралы өз ойларын айтып, "Мамандықтарды топтастыру", "Тізбекті үзбе!", "Мамандықты жасыр" жаттығуларын ойнап, тәрбиеші - аналарына еңбек жолдарына байланысты сұрақтар қойып, өздері жағдаяттық сұрақтарға жауап берді. Қазіргі таңда жоғары білімді мамандарға қандай талаптар қойылатыннына тоқталып, тәрбие сағатын "Қарлар" әдісімен қорытындылады. Балалар белсенділікпен қызыға қатысқан тәрбие сағаты олар үшін өте маңызды ақпараттарға толы болды.

Сүт зауытына саяхат

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 59
Кәсіптік бағдар беру аясында тәрбиешілер - С.Қ.Умирхалыкова мен А.Б.Андабаева 9-11 сынып оқушыларын "JLC - сүт" сүт зауытына апарып, сүт өнімдерін даярлау технологиясымен таныстырып қайтты.

Полиция департаментіне саяхат

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 93
"Бүгінгі шәкірт - ертеңгі маман" кәсіптік бағдар беру апталығы аясында "Мерей" тобының тәрбиешілері - Алма Сембекқызы мен Ақбота Қайратбекқызы 9-11 сынып оқушыларын облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасына экскурсияға апарды. Басқарма басшысының орынбасары - Самал Алпысбайқызы жауапты қызметтің қыр - сырымен таныстырып, Мадина Абдықадырқызы мекеме мұражайын аралатты. Тергеу басқармасы қызметкерлері балаларға арнайы дастархан жайып, сыйлықтар тапсырды.

"Жүрекке жол тапқан - мейірімді Сара Алпысқызы"онкүндігі

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 73
Балалардың сүйікті анасы Сара Алпысқызының туған күніне арналған "Жүрекке жол тапқан - мейірімді Сара Алпысқызы"онкүндігі аясында Балалар кеңесінің ұйымдастыруымен үздік құттықтау байқауы, қабырға газеті мен сурет байқауы, мәнерлеп оқу сайысы, топтарда тәрбие сағаттары мен конференция өтіп, мерекелік кешпен қорытындыланды

Көркемсөз оқу байқауы

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 84
«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен Хәкім Абайдың 175 жылдығына орай, қаламыздың этнос жастары арасында өткен «Ортақ Абай» көркемсөз оқу байқауына қатысып, ұлы ақынның мұрасын насихаттауға өз үлесін қосқан Тимошенко Камила, Веснина Ирина, Федорович Ульяна Алғыс хатпен марапатталды.

Мәнерлеп оқу сайысы

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 68
Қазақ поэзиясының Хантәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның артына қалдырған өшпес мұрасы өлеңдерін жас ұрпаққа насихаттап, әдебиетке, поэзияға деген қызығушылықтарын оятып, оқуға ынталандыру мақсатында үйіміздің Балалар кеңесінің мүшесі республикалық «Болашаққа жол» өнер байқауының көркемсөз оқудан І орын иегері Белоносова Снежананың ұйымдастыруымен 5-7-сынып оқушылары арасында «Поэзия Хантәңірі - Мұқағали» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс барысында қатысушылардың оқуларын бағалауда «Musik Festival» халықаралық байқауында көркемсөз аталымы бойынша Бас жүлде иегері Федорович Виктория, республикалық «Ұлы дала ұрпағы» балалар шығармашылығы байқауында көркемсөз оқудан Бас жүлде иеленген Веснина Ольга және мектепішілік мәнерлеп оқу сайысының Бас жүлде иегері Кенбаева Алтынай әділ төрелік етті. Ақын өлеңдерін нақышына келтіре, жүрекке жеткізе оқып берген Свитунов Дмитрий І орын, Абишев Нұрәли ІІ орын, Қали Жан...

Абай оқулары

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 102
5 ақпан күні қаламыздағы Шоқан Уалиханов атындағы №10 орта мектепте Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мектеп әкімшілігі және қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Өнерпаз болсаң арқалан» атты өнер байқауында ақын өлеңін мәнерлеп оқудан Даутова Айгүл Абдикеримовнаның жетекшілігімен Веснина Ирина ІІ орын, Федорович Ульяна ІІІ орын иеленді.

1 ақпан күні «Айналайын» балалар үйінде қаңтар айында туған балалардың туған күн кеші өтті.

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 130
1 ақпан күні «Айналайын» балалар үйінде қаңтар айында туған балалардың туған күн кеші өтті. Туған күн кешіне өзіміздің ең жақын достарымыз Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеттің журналистика мамандығының І курс білімгерлерін басқарып Гуманитарлық факультетінің деканы Рахимова Айна Маратқызы мен Гуманитарлық факультет деканының орынбасары Тлегенова Гүлнұр Алмұхамбетқызы қатысып балаларға тамаша концерттік бағдарлама қойып , сыйлықтармен тәттілер табыстады.

Халықаралық ғылыми жоба

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 95
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған халықаралық ғылыми жоба байқауында физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын қызымыз Степанова Дарья ІІІ орын иеленген болатын. Тәрбиеленушімізге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген білім ордасының директоры Сосин Владимир Николаевич пен ұстаздар қауымына ұжым атынан алғыс білдіреміз.

Кітапқұмарлар сайысы

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 63
Балалардың интеллектуалдық тұр­ғыдан толығуына, рухани баюына септі­гін тигізіп, кітап оқуға деген қызығу­шы­лы­ғын арттыру мақсатында «Жылдам оқу» үйірмесінің мүшелері: 5 – сыныпта оқитын Черняев Евгений, Хвостов Денис, Мерқали Жансая, Ниязбаев Дидар және 6 – сынып оқушылары Абишев Нұрәли, Әукен Ерсұлтан, Федорович Ульяна, Тұрсынақын Нұрболат, Веснина Ирина қатысуымен «Кітапқұмарлар сайысы» өтті. Балаларға сары, жасыл, қызыл түсті конфеттер үлестіріліп, сол бойынша үш топқа бөлінді. Әр топқа қағаз қиындыларына жазылған сөздер беріліп, сол сөздермен мақал құрау тапсырылды. Алтын алма, ақыл ал. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. Сайыскерлер, осы мақалдарға сәйкес өз топтарына «Білімділер» (Ирина, Жансая, Ульяна), «Оқымыстылар» (Евгений, Дидар, Денис), «Ақылдылар» (Нұрәли, Ерсұлтан, Нұрболат) деп ат қойды. «Бәйге» кезеңінде әр топқа...
Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.