Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 2

Публикации

Aуыр атлетика

Дата: 06.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 72
5 – желтоқсан күні Талдықорған қаласында өткен ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ҚР ЕССШ және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Сергей Филимоновтың жүлдесі үшін ашық республикалық турнирде 45 келі салмақ дәрежесінде Гарифуллина Альфия қызымыз І орын иеленді. Балалар үйінің спорт нұсқаушысы – Руслана Алихановна Сысоеваға нәтижелі еңбегі үшін ұжым атынан алғыс білдіріп, болашақ спортсмендер тәрбиелеуде толағай табыстар тілейміз!

«Жас ғалым»

Дата: 04.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 54
Қалалық «Жас ғалым» ғылыми жоба конференциясына тарих секциясы бойынша С.Б.Жанаберлиеваның жетекшілігімен қатысқан Үсенов Еділ баламыз ІІ жүлделі орын иеленді.

Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілет

Дата: 03.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 72
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларына 6-қосымша нысан Алматы облысы Білім басқармасы ММ "Айналайын" Балалар үйі" КММ-нің Аяқ киім, киім және басқа да тауарлар бойынша жарияланған хабарлама КОНКУРСТЫҚ КОНВЕРТТЕРДІ АШУ ХАТТАМАСЫ Талдықорған қаласы 03.12.2019ж. 10 сағ.00мин Қатысқандар Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: Ж.И.Сейсембаева - Директор, Комиссияның төрайымы Б.Ж.Шабденова - Есепші, Комиссияның хатшысы Комиссия мүшелері: М.С.Жанайбекова - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, комиссия төрайымының орынбасары; Г.А. Байтокова - бас есепші; М.Қ.Андасова - қоймашы; М.Д.Ешмұханбетов - директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Ш.Р.Жубаева - кәсіподақ ұйымының төрайымы; А.А.Сегізбаева - қамқоршылық кеңесінің мүшесі - (қатыспады) 6 комиссия мүшелерінің қатысуымен, өткізілген өтінімдер бойынша конверттерді ашу рәсімі жүргізіледі. Конкурстық құжатта...

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Дата: 02.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 119
Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің шығу төркініне шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеген еді.​ ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы. Балалар үйінің қабырғасында атаулы мерекеге орай Айнұр Сағынғалиқызы Серғазиеваның ұйымдастыруымен «Елбасы – ел мақтанышы» атты іс – шара өтті. Балаларға ұлт көшбасшысының өмірі мен еңбек жолынан бейнефильмдер көрсетіліп, «Алға, Қазақстан!», «Қазағымның қызымын», «Нұраға», «Туған өлкем», «Болашағы елімнің&r...

«Жылдам оқу»

Дата: 02.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 169
Балалардың интеллектуалдық тұрғыдан толығуына, рухани баюына септігін тигізіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жылдам оқу» үйірмесінің мүшелері: 5 – сыныпта оқитын Черняев Евгений, Хвостов Денис, Мерқали Жансая, Ниязбаев Дидар және 6 – сынып оқушылары Абишев Нұрәли, Әукен Ерсұлтан, Федорович Ульяна, Тұрсынақын Нұрболат, Веснина Ирина қатысуымен «Кітапқұмарлар сайысы» өтті. Балаларға сары, жасыл, қызыл түсті конфеттер үлестіріліп, сол бойынша үш топқа бөлінді. Әр топқа қағаз қиындыларына жазылған сөздер беріліп, сол сөздермен мақал құрау тапсырылды. 1. Алтын алма, ақыл ал. 2. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. 3. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. Сайыскерлер, осы мақалдарға сәйкес өз топтарына «Білімділер» (Ирина, Жансая, Ульяна), «Оқымыстылар» (Евгений, Дидар, Денис), «Ақылдылар» (Нұрәли, Ерсұлтан, Нұрболат) деп ат қойды. «Бәйге» кезеңінде әр топқа 5-6-сыныптың Қазақ әдебиеті оқ...

«Балалар игілігі үшін!»

Дата: 30.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 82
30 – қараша күні «Балалар игілігі үшін!» атты Ризашылық фестивалі аясында балаларды «Киноплекс Талдықорған» кинотеатрына «Холодное сердце 2» мультфильміне апарып, мерекелік түскі ас пен «Funky Town» ойын сауық орталығында арнайы ойындар ұйымдастырған Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультеті деканы Жанатбекова Назым Жанатбековнаға, оқытушылары – Д.А.Тұрсынбаева мен А.Т.Исабаевқа балалар үйі ұжымы атынан алғыс айтамыз!

«Беласу» кітабы бойынша

Дата: 28.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 82
Жоғарғы санатты тәрбиеші, жаратылыстану пәндерінің магистрі – Айнұр Сағынғалиқызы Серғазиеваның ұйымдастыруымен балалар үйінің педагог – қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Беласу» кітабы бойынша конференция өткізді. Конференцияның кіріспе бөлімінде тәрбиешілер Г.С.Мамырова, Т.Е.Егеубаева, Т.Б.Тұрдахынбаева Қасым – Жомарт Кемелұлының отбасы туралы мәлімет беріп, «31 LIVE» арнасында жарияланған ел Президентінің өз отбасы туралы айтқан бейнеролигін көрсетті. Негізгі бөлімде Д.Ш.Умерзакова, А.Қ. Малибекова, Қ.Қ.Жунусова, Т.Т.Абилмажинова «Қазақстанның сыртқы саясаты және Қасым – Жомарт Тоқаев» тақырыбын қорғады. Қорытынды бөлімде «Тәуелсіздікті тұғырлы еткен тұлға» айдарымен қатысушылар ой бөлісіп, директордың орынбасарлары Ж.А.Андабаева мен М.С.Жанайбекова кері байланыс орнату мақсатында Президентіміздің өмір жолы мен еңбектегі жетістіктеріне қатысты сұрақтар...

«Ризашылық» қайырымдылық фестивалі

Дата: 28.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 90
Балаларды жомарттыққа, татулыққа баулу, қоғам назарын жетімдік проблемаларына аудару мақсатында «Айналайын» Балалар үйі» КММ – де «Балалар игілігі үшін!» атты «Ризашылық» қайырымдылық фестивалі өтті. 27 – қарашада «Ризамын қазірге!» айдарымен сурет байқауы, «Бір үйдің баласымыз!» спорттық эстафетасы өтіп, 28 – қараша күні мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс – шараға Алматы облысының Білім басқармасы қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Молотова Алиям Максимовна, Алматы облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы – полковник Дәулетханов Талғат Жасболатович өз ұжымымен, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әртістері, «Рич» қорының координаторы қамқоршылық кеңес мүшесі - Үсенов Бақыт мырза, Алматы облыстық «Жетісу» ТРК тілшісі, «Жетісу» газетінің журналисті қатысты. Қонақтарға балалар үйі туралы фильм көрсетіліп, «Ұлы дала...

«Беласу» кітабы бойынша

Дата: 28.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 57
Жоғарғы санатты тәрбиеші, жаратылыстану пәндерінің магистрі – Айнұр Сағынғалиқызы Серғазиеваның ұйымдастыруымен балалар үйінің педагог – қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Беласу» кітабы бойынша конференция өткізді. Конференцияның кіріспе бөлімінде тәрбиешілер Г.С.Мамырова, Т.Е.Егеубаева, Т.Б.Тұрдахынбаева Қасым – Жомарт Кемелұлының отбасы туралы мәлімет беріп, «31 LIVE» арнасында жарияланған ел Президентінің өз отбасы туралы айтқан бейнеролигін көрсетті. Негізгі бөлімде Д.Ш.Умерзакова, А.Қ. Малибекова, Қ.Қ.Жунусова, Т.Т.Абилмажинова «Қазақстанның сыртқы саясаты және Қасым – Жомарт Тоқаев» тақырыбын қорғады. Қорытынды бөлімде «Тәуелсіздікті тұғырлы еткен тұлға» айдарымен қатысушылар ой бөлісіп, директордың орынбасарлары Ж.А.Андабаева мен М.С.Жанайбекова кері байланыс орнату мақсатында Президентіміздің өмір жолы мен еңбектегі жетістіктеріне қатысты сұрақтар...

Балалардың Заң алдындағы жауапкершілік туралы білімдерін арттыру

Дата: 25.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 108
Балалардың Заң алдындағы жауапкершілік туралы білімдерін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, құқықтық сауаттылық пен патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Үміт» тобының тәрбиешісі – Гүлден Мамырова «Жемқорлық -құқықбұзушылықтың картасы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Іс – шараға Жетісу мемлекеттік университеті Мемлекеттік – құқықтық пәндер кафедрасы оқытушысы – Сейілқасымова Роза және білімгерлері қатысты. Балалар білімгерлерге: мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма? Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат, портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма? Нашар оқитын студент университетті аяқтап, қызыл диплом алуы үшін әр пән оқытушысына ақшалай сыйлық берді, бұл жемқорлыққа жатады ма? – деген сияқты сұрақтарын қойып, «Жемқорлыққа жол жоқ!» көрінісін сахналап, «Ақ пен қара» сюжеттік биін орындады. «Ж...
Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.