Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 2

Публикации

Жанар Өмірзақова қараша айында туған балалардың туған күн мереке

Дата: 23.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 120
23 – қараша күні «Жазира» тобының тәрбиешісі – Жанар Өмірзақова қараша айында туған балалардың туған күн мерекесін ұйымдастырып, қуаныш иелерін құттықтауға сүйікті ағалары – Амангелді Ғабдікәрімұлы Толамысов, гуманитарлық факультет деканы – Рахимова Айна Маратқызы, оқытушылар Гүлім Төлеуқызы, Гүлнұр Алмұханбетқызы және білімгерлері арнайы келіп, балаларға өз қалаулары бойынша сыйлықтар тапсырып, ойындар ойнатып, көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Құрметті қонақтарымыз балалардың сүйікті анасы – Жадыра Иркимбекқызының да өткен туған күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

«Musik Festival»

Дата: 23.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 63
23 қараша күні өткен «Musik Festival» халықаралық байқауында Федорович Виктория Гүлжан Қалиевна Мұратбекованың жетекшілігімен көркемсөз аталымы бойынша Бас жүлде иеленді.

«Сезімнің гүлі»

Дата: 22.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 118
Тәрбиеші Букарбаева Жұлдыз Аханбаевна балаларды Оқушылар сарайында өткен Халықаралық Жазушылар және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, ардагер ұстаз Жақиянова Алтыншаш Жұманқызының «Сезімнің гүлі» жыр жинағының тұсаукесеріне арналған «Өлеңім, өмірімнің өрнегісің» атты шығармашылық кешіне апарып, ақын шығармасы негізінде әзірленіп, әдемі өрілген поэтикалық композицияны тамашалаған балалар ерекше әсерге бөленіп, ақындық өнерге құштарлықтары артып қайтты.

Денсаулық фестивалі

Дата: 22.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 62
22 – қараша күні «Мерей» тобының тәрбиешісі – Хадиша Баядилова мен спорт нұсқаушысы – Руслана Сысоеваның ұйымдастыруымен денсаулық фестивалі өтті. Балалар екі топқа бөлініп спорттық эстафетаға қатысып, ұлдар баскетбол ойынынан жарыс өткізді.

«Құқық және экономика»

Дата: 22.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 113
«Құқық және экономика» факультетінің оқытушысы – Талғат Ертарғынұлы мен білімгерлерінің қатысуымен тәрбиешілер С.Қ.Умирхалыкова, М.А.Андабаева, К.К. Джунусова «Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбиеленушілер мен білімгерлерден құрылған екі топ бейнероликтерде көрсетілген оқиғаларды талдап, өз көңіл күйлерін смайликтермен көрсетіп отырды. Балалар үйіндегі өмірден фотогаллереяны тамашалаған қонақтар алдағы уақытта жиі келіп, балалармен өткен мерекелік іс – шараларға қатысып тұруға ұсыныс айтты. Талғат Ертарғынұлы балаларға болашақтарының жарқын болуын тілеп, балалар үйі мен «Құқық және экономика» факультеті арасындағы әлеуметтік серіктестіктің берік қалыптасуына тілек білдірді.

Сиқырлы дүрбі

Дата: 20.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 127
Керемет қойылым! Бикен Римова атындағы драма театрындағы 45- театр маусымы аясында балалар Солтүстік Қазақстан облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды – драма театрының «Сиқырлы дүрбі» ертегісін тамашалап қайтты.

«Мен бақытты баламын!»

Дата: 20.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 58
Құқық апталығы аясында Жоғары политехникалық колледжінің №9 ІТ технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ж.Б.Алибаева оқытушылары «Мен бақытты баламын!» айдарымен «Ризашылық» қайырымдылық акциясын өткізіп, интеллектуалдық сайысын ұйымдастырып шағын концерт қойды. Сайысқа қатысқан балаларды мақтау қағазбен марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

Талдықорған қалалық прокуратурасының қатысуымен өткен іс - шара «Айналайын» Балалар үйі»

Дата: 20.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 229
Талдықорған қалалық прокуратурасының қатысуымен өткен іс - шара «Айналайын» Балалар үйі» КММ – сі мен Талдықорған қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы жалпы түсінік беру, балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылау, өз құқықтары туралы айту және әрекет етуді бастауға жетелеу, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 20 қараша күні Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған "БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ» атты іс – шара өтті. Кеш қонақтары – Алматы облысының білім басқармасы «Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің» басшысы – Молотова Алиям Максимовна, Талдықорған қалалық прокуратурасының «Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің» прокуроры – Нургалиева Жанна Берікқалиқызы, кәмелетке толмағандардың істері жөнін...

Балалар үйінің дәрігері

Дата: 20.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 99
Балалар үйінің дәрігері – Аукенова Гүлнұр Асемгалиевна мен медбике Бейсенова Марал балаларға дифтерия, көбінесе балаларда кездесетін жұқпалы тамақ ауруы туралы дәріс өткізіп, аурудың алғашқы белгілері, таралу жолдары, емдеу және алдын алу туралы мәліметтер беріп, балаларға жеке бас гигенасын үнемі сақтауды талап етті.

Жадыра апай біздің супер ана!

Дата: 18.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 170
18 қараша күні аналары – Жадыра Иркимбековна Сейсембаеваның туған күніне балалар кеңесінің ұйымдастыруымен шағын мерекелік концерт өтті. «Бізге еңбегі мол, мол. Дәрежесі зор, зор. Жадыра апай біздің супер ана! – деп әндетіп бастаған вокал тобының қыздары, «Гүл қыздар», «Менің өлкем» әндерін, Тұрсынақын Толғанай «Аппақ гүлдер», кішкентай бөбектер «Анашым», Ступаков Данил «Болашағы елімнің» әнін, биші ұл – қыздар «Танго», «Заманауи» билерін орындап, аналарына өз қолдарымен жасаған сыйхаттарын, сувенирлерін сыйлап, керемет көңіл күй сыйлады.
Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.