Публикации
"Бала құқығы – адам құқығы"
События 16.11.2019 493ҚР БҒМ бастамасымен дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" онкүндігі аясында 13 қараша күні «Айналайын» балалар үйінде балаларға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы жалпы түсінік беру, балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылау, өз құқықтары туралы айту және әрекет етуді бастауға жетелеу мақсатында «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ» атты дүниежүзілік сабақ өтті. Сабақ барысында балалар өз құқықтары мен міндеттерін айқындап, балалардың көңіл – күйлерін көтеретін сергіту жаттығулары ойнатылды. «Әрекет-қабілеттілік пирамидасы», мақал-мәтелдердің жалға...
«Динамо»
События 11.11.2019 401«Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамдық бірлестігінде өткен жарыс. Балалардың күзгі демалысын қызықты ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында балалар үйінің басшысы Жадыра Иркимбековна Сейсембаева мен «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамдық бірлестігінің спорт бөлімі басшысы – Атантаев Дидар Сайлауұлының ұйымдастыруымен 1 – қараша күні тәрбиеші – аналар мен жасөспірім ұл – қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. Аналар арасындағы ойында І орынды «Жұлдыз» тобы (Команда капитаны – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Жазира Ахметсапина Андабаева, тәрбиешілер - Х.Т.Баядилова, Ш.Т.Жұмабекова, А.С...
Күз мерекесі
События 02.11.2019 407Күз мерекесі Балаларды әсемдікке жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 2 қараша күні балалар кеңесінің белсенділеріменұйымдастырылған «Күзгі думан» байқауы балалардың күзгі демалысын қорытындылады. Байқау барысында қатысушы балалар өздерін бейнеролик арқылы таныстырып, өнер сайысы кезеңінде Тұрсынақын Толғанай «Аппақ гүлдер» әнін, Коваленко Евгений мен Тойшыбекова Аяулым «Танго» биін, Шиянов Сергей «Аборигендер» биін, Бочаров Максим мен Черняев Сергей заманау би, Мамучева Екатерина қазақ биін топтағы барлық достарымен бірігіп орындады. Сайыскерлерге күзгі вальс билеу, галстук байлау, шаш үлгісін жасау сияқты...
«Саналы ұрпақ – ұлт болашағы»
События 31.10.2019 364І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Құқық және экономика факультетінің ұйымдастыруымен өткен 31 қазан күні «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты «Рухани жаңғыру» жобасы бойынша тәрбие жұмысы және ұлттық тәрбиелік мәнісі бар дөңгелек үстел өтіп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – М.С.Жанайбекова, тәрбиеші – жаратылыстану пәндерінің магистранты – А.С.Серғазиева, тәрбиеленушілер – Мерқали Сағыныш, Скотарева Валентина, Тойшыбекова Аяулым, Федорович Виктория қатысты. Дөңгелек үстел барысында баяндамалар оқылып, жастар патриотизмі туралы пікір алмасты.
Күзгі демалыс
События 31.10.2019 302Психолог Толқынай Берікқызы тәрбиеленушілерге мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу мақсатында іскерлік ойынын ұйымдастырып, «Сенің ерекше қабілетің», «Мамандық қасиеттері», «Жасырылған мамандықты тап!» жаттығулары, «Әріпті мамандық» ойынын өткізді. Күзгі демалыс кезінде өткен қызықты іс- шара балалардың көңілінен шығып, уақыттарын тиімді пайдалануға ықпал етті.
Спартакиада
События 30.10.2019 48629-30 қазанда, Алматы облысының мұғалімдері арасында спорттың волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, 100 метрге жүгіру, бұқа тартыс түрлерінен Алматы қаласында өткен Спартакиадада балалар үйінің спорт нұсқаушысы Сысоева Руслана 100 м жүгіруден 1 орын иеленді.
Жұмахан Балапанов саябағы
События 28.10.2019 539Жуырда «Мүшелтой» шағынауданындағы Қонаев көшесі мен Балапанов көшесінің қиылысынан агроном, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендері иегері Жұмахан Балапанов саябағы салынып, асыл тұлғаның асқақ ескерткіші бой көтерген болатын. Күзгі демалыстың алғашқы күндері балалар ескерткішпен танысып, Жұмахан Балапановтың өмірбаянына шолу жасады.
Футбол
События 28.10.2019 395Балалардың күзгі демалысын қызықты ұйымдастыру мақсатында 28 – қазан күні тәрбиеші Баядилова Хадиша Төленқызының ұйымдастыруымен «Мерей» және «Жігер» тобының ұлдары арасында футболдан жарыс өтіп, 5:3 есебімен «Қыран» тобы (команда капитаны - Бочаров Максим) жеңіске жетті.
Қазан айында туған балалар мен 1 тоқсанда облыстық
События 28.10.2019 251Қазан айында туған балалар мен 1 тоқсанда облыстық, республикалық спорттық жарыстардан жүлделі орын алған балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, «Малефисента: Владычица тьмы» фильміне апарып, мерекелік түскі ас пен «Funky Town» ойын сауық орталығында арнайы ойындар ұйымдастырған Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жаратылыстану – техникалық факультет деканы Есенғабылов Ілияс Жансеркенұлына, оқытушылары мен білімгерлеріне алғыс айтамыз!
Инспекторымен кездесу
События 08.10.2019 3117 – қазан күні құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша №16 орта мектеп – гимназиясының инспекторымен кездесу ұйымдастырылды. Инспектор Айдынхан Ботахан 8 – 11 – сынып оқитын балаларға өз құқықтары туралы мағлұматтар беріп, мектеп қабырғасында, қоғамдық орындарда, қала көшелерінде өзін ұстау ережелерін естеріне салды. Сонымен қатар мектепке ұялы телефонды әкелмеуді өтінді. Мемлекетімізде жасөспірімдерге қатысты 14 жастан бастап заң қолданылатыны туралы мәлім етті. Кездесуге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Ж.А.Андабаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – М.С.Жанайбекова, «Жеткіншек және заң» клубын жүргізетін тәрбиешілер – Х.Т.Баяд...